BasNewsЖаңалықтар
Тоқаев пандемия статистикасына қатысты шынайы ақпаратты жариялауды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке елдегі пандемия ахуалы туралы шынайы ақпаратты жариялауды тапсырды, деп хабарлайды BasNews.kz.
«Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс. Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана, біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз», деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.
Мемлекет басшысы сондай-ақ, індет статистикасына қатысты статистиканы бірізділендіру керектігін ескертті.
«Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттелді. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек, өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отыр», деді Тоқаев.



