БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 506 980 теңге болды

2020 жылдың алғашқы алты айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 226 573 адамға төлем жасаған, – деп хабарлайды Basnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Тұтастай алғанда жалпы сомасы 82,2 миллиард теңгеге 1 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:
– зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер – 30,2 миллиард теңге;
– сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 19,2 миллиард теңге;
– ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер- 16,8 миллиард теңге;
– мұрагерлік бойынша төлемдер – 13,7 миллиард теңге;
– жерлеуге берілетін төлемдер – 1,4 миллиард теңге;
– мүгедектік бойынша төлемдер – 805 миллион теңге.
Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 535 теңгені құрап, ең жоғарғы ай сайынғы төлем сомасы 506 980 теңге болды.



