Жаңалықтар

Тас жолда жүк машиналарының арасында қысылып қалған көлікте екі адам мерт болды

Қарағанды облысындағы тас жолда жүк көліктерінің арасында қысылып қалған көліктегі екі адам көз жұмды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.

«Жол апаты Нұр-Сұлтан-Теміртау тас жолында болған. Көліктер елордаға қарай бет алған. Алдын-ала ақпар бойынша, Foton көлігі екі жүк көлігінің арасына қысылып қалған. ЖКО салдарынан екі адам – Foton жүк көлігінің жолаушысы мен жүргізушісі қаза тапқан. Жол апатының жағдайлары мен себептері анықталуда», – деп келтірген Қарағанды облысы полиция департаментінің (ПД) мәліметтерін ұлттық компания.

Хабарда атап өтілгендей, апат жұма күні 10:00 шамасында болған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button