BasNewsЖаңалықтар

Шыңжаңда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 64 жаңа жағдайы анықталды

Өткен тәулікте ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында (ШҰАА) жаңадан коронавирус жұқтырған 64 адам анықталды.

Оның ішінде 3 науқас белсенді және 61-і симптомсыз тасымалдаушы, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау істері жөніндегі жергілікті комитетке сілтеме жасап. «31 қазан күні сағат 24.00-дегі жағдай бойынша ШҰАА-да (Шыңжаң өндірістік – құрылыс корпусын, ШӨҚК қоса алғанда) коронавирустың 3 жаңа расталған жағдайы және 61 симптомсыз тасымалдаушы анықталды (барлық жағдайлар Қашғар округінің Шуфу уезіне және ШҰАА-ның Қызылсу-Қырғыз автономиялық облысына тиесілі)», – делінген хабарламада.

ШҰАА-да коронавирус қайта өрши бастағалы (ШӨҚК қоса алғанда) расталған жағдайлардың жалпы саны 54-ке жетті (оның ішінде 6 адам ауыр халде), ал симптомсыз тасымалдаушылар саны – 219.

Естеріңізге сала кетейік, 24 қазанда Қашғар округінде (ҚХР ШҰАА) жергілікті тұрғындар арасында 1 симптомсыз тасымалдаушыа анықталғаннан кейін, Шыңжаң әкімшілігі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға шұғыл ден қою режимін енгізді. Төрт күн ішінде Қашғар округінде 4,75 миллионға жуық коронавирус сынағы жасалды. Руслан Сүлейменов

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button