Қазақстанда телеарналар мен радиолар хабар таратуды бір күнге тоқтатады

19 қарашада телеарнада хабар тарату тоқтатылады, – деп хабарлайды BasNews.kz «Қазтелерадио» АО сайтына сілтеме жасап
Ведомство мәліметінше, сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналог эфирлік желілерінің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.
«Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», – деп жазылған хабарламада.



