BasNewsЖаңалықтар

Тоқаев пен Путин қатысатын форум пандемияға байланысты шегерілді

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастық форумы пандемияға байланысты шегерілді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды BasNews.kz

«Эпидемиологиялық жағдайдың қиындай түсуіне байланысты Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумының өтетін уақыты кейінге шегерілді», – деп жазды Берік Уәли.

Форум 2020 жыылы қарашаның екінші жартысында Көкшетау қаласында өтеді деп жоспарланған болатын. Оған екі елдің президенттері қатысуы керек еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button