BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда 8 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
Елімізде коронавирус пен пневмониядан 8 адам көз жұмды, – деп хабарлайды BasNews.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 6 601 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 397 бала бар. Стационарларда 2 727 науқас жатыр. 3 874 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 188 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.



