BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда бірдей нөмірмен жүрген көліктер анықталды

Полицейлер Қазақстанда бірдей ресейлік нөмірмен жүрген көліктерді анықтады, – деп хабарлайды BasNews.kz  қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан – Щучинск және Алматы – Қорғас жолдарының ақылы учаскелерінде Ресей Федерациясының мемлекеттік тіркеу нөмірлері бірдей автомобильдер анықталды. Ақылы трассалар бойынша өтетін жолдардың детализациясын өңдеу барысында нөмірлері бірдей автомобильдер анықталды.

Нұр-Сұлтан – Щучинск ақылы учаскесінде Н 837 НУ 96 rus нөмірлі Toyota Estima автокөлігі тіркелді, осы уақытта дәл осы нөмірлі автокөлік Алматы – «Қорғас» тасжолында жүріп өтті.

Осыған ұқсас жағдай Toyota Estima және Toyota Alphard автомобильдерімен тіркелген. O 298 УН 96 Rus нөмірл Toyota Estima үш автомобилі және Toyota Alphard маркалы М 251 ТО RUS нөмірімен үш авто жүргені анықталды», – деді полициядағылар.

Қалалық полицейлер O 298 УН 96 rus нөмірлі Toyota Estima және М 251 ТО RUS нөмірлі Toyota Alphard көлігі жүргізушілерін ұстады.

Екі көлік жүргізушілеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі («Көрінеу жалған құжатты пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.

Полициядағлар қалған көліктер бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button