BasNewsЖаңалықтар
WhatsApp-та тараған қазақстандық жүргізушіге қатысты қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды
Желі қолданушылары таратқан видеодағы алысқа қатынайтын жүргізушіге қатысты қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды, – деп хабарлайды BasNews.kz
WhatsApp мессенджерінде ауыр жүк көлігінің жүргізушісінің жағдайы нашарлап кеткені туралы видео тараған. Жерде жатқан ер адамның жанында бірнеше адам жиналған.
«Мына 296 05 жүк көлігін танитын кісілер бар ма екен? Мына кісі жолда жүрегі айнып, жатып қалды. Туған-туысқандары керек еді, телефоны бұғаттаулы. Жедел жәрдем шақырсақ жолда келе жатыр дейді. Жігіттер, танитындарыңыз болса, хабарласыңыздаршы», – дейді кадр сыртындағы ер адам.



