BasNewsЖаңалықтар
Шымкентте 15 жастағы мектеп оқушысы өз әкесінен бала тапқан
Шымкентте 15 жастағы мектеп оқушысы туған әкесінен жүкті болып, босанды. Артынша деректер ашылғаннан кейін әкесі өз өзіне қол жұмсаған. Қайғылы оқиғаның мән-жайын қалалық білім беру басқармасының мамандары айтып берді, – деп хабарлайды BasNews.kz
Іс сотқа дейін жетпеген. Баланы мектеп оқушысының анасы қамқорлығына алған.
«Тоғызыншы сынып оқушысы биыл мамырда босанды. Бұл зорлық әрекеті ме, әлде жоқ па, оны айта алмаймыз. Оны полиция анықтап жатыр. Сәбиді мектеп оқушысының анасы бағып жатыр», – дейді Шымкенттің білім беру басқармасының бас маманы Ұлжалғас Сауырбаева.



