BasNewsЖаңалықтар

Кроуфорд Головкиннің экс-қарсыласын төртінші раундта жеңді

WBO жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Теренс Кроуфорд IBF белбеуінің бұрынғы иегері ұлыбритаиялық Келл Брукты жеңіп, титулын төртінші рет қорғап қалды, – деп хабарлайды BasNews.kz

Кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) MGM Grand аренасында өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды.

Төртінші раундта Кроуфорд Брукты нокдаунға түсірді, бірақ ұлыбританиялық боксшы жекпе-жекті жалғастыра алды. Бірақ көп ұзамай Теренс қарсыласын нокаутқа түсірді.

Еске салайық, 2016 жылы Брук қазақстандық Геннадий Головкиннен (40-1-1, 35 КО) мерзімінен бұрын жеңілген болатын – бесінші раундта ұлыбританиялықтың командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, рингке орамал лақтырған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button