Елорда мен тағы сегіз өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтанда мен тағы 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды BasNews.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, ертең Нұр-Сұлтанда қалың қар жауып, боран соғады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысының оңтүстік-шығысында түнде қалың қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, боран соғады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен түнде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады, шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.
29-30 қарашада Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Таразда 29-30 қарашада тұман түседі.
Қызылорда және Қостанай облыстарында 29 қарашада тұман түседі. Павлодар облысының кей жерлерінде қалың қар жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын болады.



