BasNewsЖаңалықтар
Алдағы күндері аяз болады – Қазгидромет

Қазгидромет 1-3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BasNews.kz.
«Моңғолиядан жылжыған антициклон салдарынан республиканың басым бөлігіне аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райын сақталады. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыста, оңтүстік циклон әсерінен қар жауады. Еліміздің кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі, жел күшейеді», – делінген хабарламада.



