BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтандағы Jekpe-Jek Saraiy спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің аты берілді

Нұр-Сұлтандағы Jekpe-Jek Saraiy спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің аты берілді, – деп хабарлайды BasNews.kz

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен әрі қолдауымен Елордамыздағы Жекпе-жек сарайына ресми түрде даңқты балуан, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың есімімен аталатын болды. Бұл шешім былай қабылданған еді…», – деп жазды ол.


© Facebook/Берік Уәли

Айта кетейік, бұл сарай 2019 жылдың 6 шілдесінде ашылды. Онда 25 метрлік бассейн, жаттығу және күрес залдары, футбол алаңы, сондай-ақ жайлы қонақүй бар.

Құрылысты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры жүзеге асырған. Жобаның құны шамамен 19,5 миллиард теңге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button