BasNewsЖаңалықтар

Сайлау: Дауыс беру күні қандай санитарлық талаптар сақталуы керек

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов сайлау кезіндегі санитарлық нормаларды сақтау ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды BasNews,kz.

Бас санитардың айтуынша, халық арасында COVID-19 инфекциясының алдын алу мақсатында дауыс беру күні сайлау процесінің барлық қатысушылары мына талаптарды орындауы тиіс:

1) сайлау учаскесіне келгенде бір реттік медициналық немесе қорғаныс маскалары мен қолғаптарын кию;

2) қолды тазарту үшін сайлау учаскелерінде орнатылған антисептикалық санитайзерлерді пайдалану;

3) Адамдар арасында ең кемі 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау;

4) қол алысудан немесе тікелей байланыстың басқа түрлерінен аулақ болу;

5) жеке қаламсапты пайдалану.

«COVID-19 таралу қарқыны бойынша «қызыл» және «сары» аумақта орналасқан өңірлерде сайлау комиссияларының барлық мүшелері және байқаушылар 5 тәуліктен ерте емес мерзімде ПТР-тест әдісімен зертханалық тексеруден өтуі тиіс. Зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар адамдар сайлау учаскесіне кіргізілмейді», – дейді Ерлан Қиясов.

Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға қарай дауыс беру күні сайлау процесіне қатысушылар өңірдегі бас санитар дәрігер белгілеген қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтауы тиіс.

Back to top button