BasNewsЖаңалықтар

ПТР анықтамасы жоқ 470 қазақстандық шетелден ұшып келді

ПТР анықтамасы жоқ 470 Қазақстан азаматы шетелден ұшып келді. Бұл туралы BasNews.kz Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылғы 5 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Қырғызстан және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді. 2 073 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 603 адам, анықтамасыз 470 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 323 жолаушы, анықтамамен – 935, анықтамасыз – 388; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 683 жолаушы, анықтамамен – 602; анықтамасыз – 81; Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 32 жолаушы анықтамамен келген; Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 35 жолаушы, анықтамамен – 34; анықтамасыз – 1.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 4 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет Анықтамасыз келген барлық 249 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

 

Back to top button