BasNewsЖаңалықтар

Елордада 700-ден астам медицина қызметкері коронавиурсқа қарсы вакцина салдыртты

Елордада 719 медицина қызметкері коронавиурсқа қарсы вакцина салдыртты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жалғасуда. 1 ақпаннан бастап осы уақыт аралығында 719 адамға вирусқа қарсы вакцина салынды, яғни 78 пайыздан артық. Бірінші кезеңге вирусты жұқтырып алу қаупі жоғары тобына жататын медицина қызметкерлері (жұқпалы аурулар ауруханалары, жедел-жәрдем қызметкерлері, алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдары, көпсалалы ауруханалардың қабылдау бөлімдері) қызметкерлері вирусқа қарсы екпе алып жатыр», – деді Т. Мұратов.

Жалпы, 1-8 ақпан аралығында вакциналамен 916 адам қамтылған еді, соның ішінде 719-ына екпе салынды.

Осы орайда ол вакцинация ерікті түрде, әр адамның екпе алу-алмау құқығын сақтай отырып жасалатынын еске салды.

«Бүгінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасында КВИ-ға қарсы вакцинаның 1 531 дозасы бар. Еске салайық, тұрақты профилактикалық егулерге және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға КВИ-ға қарсы екпе салынбайды. Сондай-ақ, коронавирустың ауыр жағдайы және симптомсыз белгілері бар адамдар екпе алуға жатпайды. Жұқпалы ауруы бар науқаспен, оның ішінде КВИ-мен ауырған науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғанға дейін вакцина алмайды», – деп нақтылады басқарма басшысы.

Бірінші кезеңде вакцинация бес қалалық емханада жүргізіліп жатыр. Алайда, келешекте халықты жаппай вакциналау басталған сәтте қала бойынша 36 ұйымда емшара бөлмелері ұйымдастырылады.

Back to top button