BasNewsЖаңалықтар

Димаш Құдайберген АҚШ-қа көшуді жоспарлап жүр

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылығын дамыту мақсатында АҚШ-қа көшуге ниетті, – деп хабарлайды BasNews.kz.

Әнші MTV USA бағдарламасында ағылшын тілінде сұхбат берді. Кевин Кеннимен сұхбатының тоғыз минуттық үзіндісін Димаш Instagram-парақшасында жариялады.

Әнші жанкүйерлер қарым-қатынасы мен ата-анасының қуанышы оны қаншалықты шабыттандыратынын, Қытайдағы шығармашылығы және ондағы тұрғындардың оны қалай қарсы алғаны туралы сөз қозғады.

«Менің қытайлық жанкүйерлерім өте мейірімді және қамқор», – деді әнші.

Сонымен қатар, Димаш Құдайберген шығармашылығын одан әрі дамыту үшін уақытша АҚШ-қа көшуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Видео соңына әншінің жанкүйерлері оны қолдап, сәттілік тілеп, түрлі пікір қалдырған.

«АҚШ-қа шығармашылығыңды дамытуға кетіп бара жатқаның біз үшін өте қуанышты жайт!!!»- деп жазады оқырмандар.

Back to top button