BasNewsЖаңалықтар

Үкімет ел экономикасына арналған «Б» жоспарын әзірледі

Елде пандемия ұзаққа созылған жағдайда экономика үшін «Б» жоспары әзірленді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, – деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлаған жағдайда қазақстандық экономиканы сақтап қалуға арналған қосалқы жоспар туралы сұрады.

«Әсет Арманұлы, 2019 жылдың қорытындысы бойынша, шағын және орта бизнестің үлесі 31,7 пайыз. Алдын-ала есептеулер бойынша, (2020 жылғы қорытынды – ескерт.) 28,5 болады. Бұл туралы сұрақтар жоқ. Шағын және орта бизнестің төмендеуі коронавирус инфекциясына байланысты шектеу шараларының нәтижесі екені түсінікті. (…)

«Біз пандемия бұдан әрі қалай жалғасатынын, дағдарыстың қашан аяқталатынын, экономика қалпына келе ме немесе жаңа жағымсыз факторлар пайда бола ма білмейміз. Партия төрағасы да, мемлекет басшысы да «Б» жоспары болуы керек деді. Егер біз басқа да қауіп-қатерлерге тап болсақ, қосымша іс-қимыл жоспары бар ма? (…) Біз туризм, мейрамхана бизнесі, сервистік қызмет көрсетудің қандай жағдайда екенін көріп отырмыз. Бұл көрсеткіштерді (Nur Otan сайлауалды бағдарламасында көрсетілген көрсеткіштер) қалай көтереміз? Басқа жоспар бар ма?», – деп сұрады Нығматулин Мәжілісте.

Ұлттық экономика министрлігі басшысы «Б» жоспары барын айтты.

«Үкімет Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын дамыту агенттігімен бірлесіп, әлеуметтік-экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірледі. Ол халық пен бизнеске қажет қолдауды, сондай-ақ, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шұғыл шаралардан тұрады. Егер триггерлер жұмыс істесе, жоспар күшіне енеді. Триггерлердің арасында коронавирус таралуы және мұнай бағасының жоғары құбылмалығы, басқа да сыртқы факторлар бар», – деп түсіндірді бөлім басшысы.

Back to top button