BasNewsЖаңалықтар

Алматыда сауда орталығы өртенді

Алматыда сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде өрт болды, – деп хабарлайды BasNews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, 14 ақпанда сағат 8:56-да Алматы ТЖД күштері мен құралдары «Домиллион» сауда және ойын-сауық орталығындағы өрт туралы хабарламаға жоғары шақыру дәрежесімен шыққан.

Өртсөндірушілер келгенде ғимараттан қатты түтін шығып жатқан. Барлау барысында газ-түтіннен қорғау қызметкерлері қойма жанып жатқанын анықтады, содан кейін өрт оқпандары беріліп, жедел штаб ашылды. Таңғы сағат 9.46-да 40 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Сауда орталығында өрт сөндіретін және түтін жұтатын автомат жүйесі іске қосылды. Осылайша өрттің тарауына жол берілмеді.

Оқиға болған жерге 24 техника мен жеке құрамнан және қаланың өзара іс-қимыл қызметінен 79 адам жұмылды.

Back to top button