BasNewsЖаңалықтар

Елімізде автомобиль құрастыру жұмысы қарқын алды

2021 жылдың қаңтарында Қазақстан аумағында 5 981 автокөлік құралы құрастырылды. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы мәлім етті, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Осы жылдың қаңтарында Қазақстан аумағында жалпы құны 43,1 млрд теңге болатын 5 981 автокөлік (жеңіл, жүк көліктерін, автобустарды, арнаулы машиналар мен тіркемелерді қоса алғанда) шығарылды. Нақты мәнде шығарылған өнім көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 1,8 пайызға асып түсті» делінген таратылған ақпаратта.

Одақ мәліметінше, жеңіл автомобиль өндірісі 3,9 пайызға артып, 5 393 көлік құрастырылды. 150 автобус шығарылды.

Есепті кезең қорытындысында құрастырылған автобустар саны 4,5 есе көп болып отыр. Дегенмен, жүк көліктерін құрастыру 1,5 есе төмендеп 363 болды. Тіркеме шығару 99-дан 67-ге дейін кеміді.

Мұнан бөлек 8 мамандандырылған автотехника шығарылды. Қаңтарда отандық өндіріс ошақтарынан шығарылған 5 381 көлік сатылды. Бұл – өткен жылғы көрсеткіштен 53 пайызға жоғары.

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» кәсіпорындарының нарықтағы үлесі 65,6 пайыздан 64,6 пайызға дейін төмендеді.

Back to top button