BasNewsЖаңалықтар

Tengri Bankтің бұрынғы басшысы ұсталды

«Tengri Bank» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Шайкенов ұсталды, деп хабарлайды BasNews.kz.

Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады.

«Осы жылдың 16 ақпанында Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлері ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 128-бабына сәйкес «Tengri Bank» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Шайкеновты ұстады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды» деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ержан Шайкенов 2015-2019 жылдар аралығында «Tengri Bank» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет еткен.

Ал 2020 жылдың шілдесінен бері осы банктің директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келді.

Back to top button