BasNewsЖаңалықтар

Байқоңырда жоғалған бір баланың денесі табылды

Байқоңырда жоғалған ұлдардың бірі өлі күйінде табылды. Бұл туралы Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіндегілер мәлімдеді. Екінші баланы іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бір баланың денесін таптық. Мамандар мән-жайды анықтап жатыр. Екінші баланы іздеп жатырмыз», – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Байқоңыр қаласының прокуроры Нұржан Рахметов бұл ақпаратты растады. Ол іздеу операциясы қалай жүріп жатқанын Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті.

«Іздеу жалғасуда. Таңертеңгісімен РФ және ҚР полициясы еріктілермен бірге топтарға бөлініп, қаланы аралауға кірісті. Қазіргі уақытта судан құтқарушылар өзенді қарауда. Прокуратура және Тергеу Комитетінің ресми жарияланымдарынан ахуалды бақылауды сұраймыз және қуатталмаған мәліметке сенбеуге шақырамыз», – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Байқоңыр қаласында 20 ақпанда жеті жасар екі бала жоғалып кеткені хабарланды. «Маяк» спорт кешенінен жаттығудан шыққан екі бала жоғалуына байланысты Ресейдің Тергеу комитеті балалардың жоғалу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Back to top button