BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтанда салынып жатқан мешіттің металл конструкциясы құлады (видео)

Нұр-Сұлтандағы салынып жатқан мешіттің конструкциясы құлады, – деп хабарлайды BasNews.kz.

Видео Instagram желісіндегі Traktorist.kz парақшасында жарияланды. Кадр сыртындағы ер адам апат салдарынан екі құрылыс краны зақымдалғанын айтады.

Назар аударыңыз! Бейәдеп сөздер бар.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментіндегілер оқиға 19 ақпанда болғанын айтты. Монтаждалған металл конструкциясы құлаған.

“Монтаж жасайтын мамандар конструкцияны дәнекерлеу үшін краннан шешіп алған және сол кезде конструкция құлаған. Құрылысшылар ол кезде түскі үзілісте болды. Қазір бас мердігер “Сембол құрылыс” компаниясы жағдайдың мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына Өнеркәсіп қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері барды”, – деді Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Back to top button
Close