BasNewsЖаңалықтар

Павлодарда пара алды деген күдікпен ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды

Павлодарда «ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімше басшысы ұсталды жұмыстағы қамқорлығы үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алып отырды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды BasNews.kz Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімше басшысын Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері ұстады.

«Сондай-ақ, ол орынбасарымен бірге төрт жыл бойы 100-ден аса қызметкерінен сегіз мыңнан 10 мың теңгеге дейін заңсыз ақша алып отырғаны анықталды. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат 201-бапқа сәйкес жария етілмейді», – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button