BasNewsЖаңалықтар

Алматы маңындағы ұшақ апатынан 4 адам қаза тапты (видео)

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұшақ бортында болған төрт адам қаза тапқанын, екеуі зардап шеккенін мәлімдеді, – деп хабарлайды BasNews.kz.

«Зардап шеккен екі адам Алматы облысы Іле аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың жағдайы туралы әлі ештеңе білмейміз. Алматы әуежайына 10 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Өрт сөндірілді», – деді ведомство өкілі.

«Бүгін сағат 17.20 шамасында Алматы әуежайына қонуға бет алған кезде Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша келе жатқан Ан-26 әуе кемесімен байланыс үзілді. Бірден дабыл жарияланды, әуежайдың апат-құтқару қызметкерлері оқиға орнына шықты. Алдын ала ақпарат бойынша, борт ұшу-қону жолағының ұшында апатқа ұшырады», – делінген Алматы әуежайының Facebook-тегі хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Желіде Алматыда ұшақ құлады деген хабар тараған болатын. Алматы әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери ұшақ құлаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button