BasNewsЖаңалықтар

Алдағы уақытта елімізде қандай зауыттар салынады?

2025 жылға қарай полиэтелентерефталат және метанол өндіретін зауыттар іске қосылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында Атырау, Орал және Шымкент қалаларында мұнай мен газды терең өңдейтін 5 зауытты іске қосу арқылы экспортқа бағытталған мұнай-газ химия өнімдерінің өндірісін 2019 жылмен салыстырғанда 9 есеге ұлғайту көзделге», – деді өңдеу өнеркәсібін дамыту жайында баяндаған министр.

Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда 3 зауыт салынуда.

«Атап айтсам: Атырау облысында қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт және қуаты 57 млн текше метр азот және 34 млн текше метр құрғақ сығылған ауа өндіретін зауыт, Шымкент мұнай-химия зауытының шикізаты негізінде қуаты жылына 81 мың тонна полипропилен және 57 мың тонна бензинге арналған октан арттырғыш қоспа шығаратын зауыт», – деді ол.

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, бұдан басқа, 2025 жылға қарай 2 әлеуетті жобаны іске асыру жоспарланған. Олар: қуаты жылына 430 мың тоннаны құрайтын полиэтелентерефталат өндіру зауыты мен жылдық қуаты 130 мың тонна болатын метанол өндіру зауыты.

Back to top button