BasNewsЖаңалықтар

Назарбаев «Абай арена» атауын өзгерту туралы ұсынысқа жауап берді

Нұрсұлтан Назарбаев Семейдегі «Абай арена» стадионы өз атауын сақтауы тиіс деп санайды. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, – деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ШҚО белсенділерінің «Абай арена» стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы талқылануда. Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай «құрмет-қошеметке» қарсы. Н.Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуға тиіс», – деп жазды ол Twitter-де.

Бұған дейін БАҚ-та Семейде даңғыл мен аренаға Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілуі мүмкін екені туралы ақпарат жарияланды. Айбек Нұғымаровтың сөзінше, ұсынысты 30-ға жуық адам жасаған. Оның ішінде, ақсақалдар, депутаттық корпус өкілдері мен қаланың қоғам белсенділері бар.

 

Back to top button