BasNewsЖаңалықтар

Еліміздің екі облысында жол жабылды

Күн райының қолайсыздығына байланысты Ақмола және Қарағанды облыстарында бірқатар тасжол жабылды, деп хабарлайды BasNews.kz ҚР ИИДМ Телеграм каналына сілтеме жасап.

Сағат 10:30-дан бастап Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты (қар, желдің күшеюі, жолдың көрінбеуі) «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1291-1353 шақырымы, «Нұр-Сұлтан қаласы-Қарағанды облысының шекарасы» учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Сондай-ақ, 23 наурыз күнгі сағат 10:30-дан бастап Қарағанды облысында күн райының бұзылуына байланысты (қар, желдің күшеюі, жолдың көрінбеуі) «Екатеринбург-Алматы» күре жолының 1353-1426 шақырымында (Ақмола облысы – Теміртау қаласының шекарасы учаскесі) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген.

Бұдан бөлек, сағат 10:45-те Ақмола облысында күн райының бұзылуы себебімен (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі), «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» тас жолының 51-104 шақырымы (Ақмола облысы-Нұра кенті аралығы) учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды. Сағат 10:45-те Қарағанды облысында күн райының бұзылуы себебімен (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі), «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» тас жолының 16-51 шақырымы, яғни «Нұр-Сұлтан қаласы-Қарағанды облысының шекарасы» учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген.

 

 

 

Back to top button