BasNewsЖаңалықтар

Қазақстан «қызыл» аймаққа жақындап келеді

Қазақстан коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа жақындап келеді, – деп хабарлайды BasNews.kz ВАК-қа сілтеме жасап.

29 наурызда жарияланған эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы Қазақстан «сары» мен «қызыл» аймақтардың шекарасында екенін көрсетті. Оның жанында бірнеше күннен бері Қарағанды ​​облысы тұр.

Матрица мәліметтері бойынша, 29 наурызда Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары әлі де «қызыл» аймақта.

«Сары» аймақта – Ақтөбе, Алматы мен Қарағанды облыстары.

Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.

Еске салайық, Қазақстанда кейінгі тәулікте 1492 адамнан COVID-19 анықталған болатын.

 

Back to top button