BasNewsЖаңалықтар

Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз табылды

Таразда әскери бөлімнен қашып кетіп, 4 күннен бері іздестіріліп жатқан сарбаз табылды, деп хабарлайды BasNews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаздың табылғанын мәлім етті. Оқиғаның мән-жайы толығырақ кейін хабарланады. Еске сала кетсек, Таразда мерзімді қызметтегі сарбаз әскери бөлімнен қашып кеткен. Түнгі кезекшілік кезінде жоғалып кеткен 19 жастағы жігітті 4 күннен бері іздеген.

Әскерилердің айтуынша, Нұрасыл Арысбаев түнгі сағат үш шамасында әскери бөлімнен ешкімге ескертпестен кетіп қалған. Жанындағы серігі де байқамаған. Сарбаз әлі 6 ай әскери борышын өтеуі керек. Нұрасылдың кетіп қалғанына әскерилер таңғалып отыр. Олардың айтуынша, сарбаз басқалармен қарым-қатынасы жақсы, сабырлы. Жауаптылар оның қолында қару жоқ екенін мәлімдеді.

 

Back to top button