BasNewsЖаңалықтар

Алдағы жылдары еліміз бойынша қанша шақырым автожол салынады?

2021-2025 жылдар аралығында республика бойынша 12 мың шақырым автжол салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BasNews.kz.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында айтты.

«Елімізде автожолдардың жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде 25 мың шақырымы – республикалық маңызы бар күре жолдар, 71 мың шақырымы – жергілікті жолдар.

2021-2025 жылдар аралығында автожол саласында республикалық маңызы бар 12 мың шақырым автожол салынып, реконструкцияланады. Жыл сайын 200 мың адам жұмыспен қамтылады», – деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, бүгінге дейін елдегі республикалық маңызға ие жолдардың негізгі бөлігі күрделі жөндеуден өтіп, 13 мың шақырым автожол қайта жаңартылған.

«Биыл республикалық жолдардың 4,7 мың шақырымында жол-құрылыс жұмыстары жүргізіледі. 3,6 мың шақырым автожол салынып, қайта жаңартылып жатыр. Жыл қорытындысында 2,2 мың шақырым автожолды пайдалануға беру, 1,2 мың шақырым жолды ашу жоспарланған. 1,1 мың шақырым жолда орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді министр.

Back to top button