Солтүстік Қазақстан облысында діни нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Солтүстік Қазақстан облысында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты діни нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді, деп хабарлайды BasNews.kz.
Бүгін СҚО-ның Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына өзгеріс енгізілді. Бұдан былай өңірде діни нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат. Алайда кей талаптарды орындау қажет, яғни адам санын 30% асырмай және бір адамға ең кемінде 4 шаршы метрден келуі керек.
СҚО-да бүгінде эпидемиологиялық жағдай тұрақты, өңір «жасыл» аймақта. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы тек 12 адамда ғана анықталды. Жалпы облыста КВИ-дің 14192 жағдайы тіркелді, оның 420 жағдайы немесе 2,9% сырттан әкелінген. Вирусты жұқтырған 8938 адамда немесе 63% ауру белгілері болған.
Бұған дейін облыстың бас санитар дәрігері Әсет Жұматаевтың қаулысымен сауда орындарының, қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты ұзартылған еді.