Қазақ ұлттық аграрлық университетіне – 90 жыл (видео)

Еліміздегі жетекші, әрі беделді университеттердің қатарына кіретін Қазақ ұлттық аграрлық университеті биыл 90 жылдық мерейтойын атап өтеді, деп хабарлайды BasNews.kz.
Университет қабырғасында білім алып жатқан мамандар еліміздің дамуына, ауыл-шаруашылығын гүлдендіру жолында өз үлестерін қосып келеді.
Білім алу, ғылымды игеру жолында біздің алаштықтардың да үлес қосқаны, тіпті көшбасшы Әлихан Бөкейхан бастаған Алашордалықтардың өзі ауыл-шаруашылығы мәселесін бәрінен биік қойып, елдің ертеңі мен келешегі осы салада екенін атап айтқан еді.
Қазір заман өзгеріп, Алаштықтар аңсаған тәуелсіздікте білім алуға да, ғылымды игеруге де жол ашылды. Соның ішінде аграрлық салада білім жетілдіруге де мүмкіндік бар.
90 жылдық тарихы бар университет Халықаралық агенттіктері аккредитациясынан өткен.
Университетте:
– Агротехникалық хаб;
– Халықаралық су хабы;
– 7 Ғылыми зерттеу иниституты;
– 8 инновациялық орталығы;
– 31 ғылыми зертхана;
– 18 Халықаралық зерттеу орталықтары бар.
Әлем елдерімен байланыс орнатып, тәжірибе алмасуда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің мүмкіндіктері жоғары. Аталған орталықтар мен институттар және хабтар әр маманның, ғалымның біліммен, ғылыммен толық айналысуына жағдай жасаған.
Университет халықаралық әрі әлемдік рейтингтер де өзінің абыройы орынын алып, беделін сақтап келеді. Білім беру саласында университет ұжымы жастардың, болашақ мамандардың білікті әрі тәжірибелі болып шығуына күш салады.
Мамандық таңдау, мамандықты игеру, соның жолында қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасу үшін ізденушінің саланы дұрыс таңдауы маңызды. Ал аграрлық сала елдің келешегі екенін ескерсек, университеттің осы жолда студенттерді қолдауға, білім беруге дайын екенін атап өткен жөн.



