BasNewsЖаңалықтар

#АуылФутбол және SunFinance бірлесіп 5 футбол турнирін өткізеді

#АуылФутбол жобасы Қазақстанның 5 облысында ауылдық балалар арасындағы футбол турнирларын өткізеді, ал SunFinance қаржы компаниясы спорттық шараға демеушілік етеді. Бұл жайлы жоба жетекшісі Серік Мәмбетов хабарлады.

“Біз бір ай бұрын SunFinance компаниясымен 5 миллион тенге сомасындағы демеушілік келісім-шартқа қол қойдық. Бұл қаржы Республиканың 5 облысында 5 турнирдың ұйымдастырылуына жұмсалады”, – деп айтты Серік Мәмбетов.

Жоба жетекшісінің айтуынша, турнирлер 5 ай ішінде Маңғыстау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы және Түркістан облыстарында өткізіледі. Турнирге жасы 11-ден кіші балалар қатыса алады. Бірінші турнир 26 маусым күні Маңғыстау облысында өткізіледі.

“SunFinance биыл біздің ең ірі демеушіміз болды. Компания балаларға арналған жобаларды қолдаудың қаншалықты маңызды екендігін түсінеді. Біз барлық турнирлер жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз, және ең бастысы бұл демеушілік қаражаттың ашық жұмсалуымен тікелей байланысты. Қаржы жеңімпаздарға арналған жүлделерге, баннерлерді дайындауға, іссапар шығындары және тағы басқа қажеттіліктерге жұмсалады” – деді Серік Мәмбетов.

Жыл басынан бері #АуылФутбол жобасының аясында бірнеше турнирлер, сонымен қатар футбол жарыстарын, жаттықтырушыларға арналған лекциялар мен семинарларды және балаларға арналған экскурсияларды қамтитын Футбол Уикенді ұйымдастырылды.

#АуылФутбол жобасы 2020 жылы Алматы облысының Райымбек ауылында іске қосылды. Жобаның негізін қалаушы – журналист және қоғамшыл Серік Мәмбетов.

Жобаның басты мақсаты – ауылдық балалар футбол командаларына көмек көрсету.

Жоба пайда болғаннан бері 30-дан астам ауылдық командаларға спорттық жабдық, сайман, доптар және тағы басқа құралдарды табысталды.

Back to top button