BasNewsЖаңалықтар

Алматыда туркомпания 143 вакцинация паспортын қолдан жасаған

Қажыларға жалған вакцина паспорттарын дайындаған туристік компания әшкере болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Жыл басынан бері ішкі істер органдары ПТР-тестілеу нәтижелері мен вакцинация паспорттарын қолдан жасаудың, сондай-ақ оларды пайдаланудың 30 жағдайын тіркеді.

Мысалы, Алматы қаласында қажылардың Сауд Арабиясы Корольдігіне кетуін рәсімдеу кезінде вакцина паспорттарын (143 паспорт) жаппай дайындауға қатысы бар туристік компания анықталды. Соталды тергеу жүріп жатыр, тінту іс-шаралары барысында ұйымдастыру техникасы, мөрлер, бланк өнімдері алынды, сот сараптамалары тағайындалды», – делінген полиция хабарламасында.

https://www.youtube.com/watch?v=MXgcLke_m44

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button