Алматы облысында сел жүрді

Алматы облысының Кербұлақ ауданында нөсер салдарынан сел жүрді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде сел жүрген аумақтың видеосы жарияланды. Көксу кенішіне баратын жол жабылған.
https://www.instagram.com/tv/CRWrLVNH2HU/?utm_source=ig_embed&ig_rid=8bca67c9-18e6-4be4-a1e1-9f741abeaa6f
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқиға 14 шілдеде сағат 16.00 – 17.00 аралығында Алматы облысы Кербұлақ ауданының Көксу ауылдық округінде болғанын хабарлады. Көксу шатқалында нөсер мен бұршақ түрінде жауған жауын-шашын салдарынан тау баурайынан балшық түріндегі сел жүрген. Осыған байланысты Көксу орманшылығының №1 кордонына апаратын қара жолда (500 метр) балшық-тас шөгінділер пайда болды.
«Қазіргі уақытта ағын жоқ, қара жол тазартылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Осы жағдай бойынша 101, 112 телефондарына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға хабарламалар түскен жоқ», – деді ТЖД өкілі.



