Маңғыстау облысында алғашқы Sun Finance Cup турнирі өтті

Маусым айының соңында Маңғыстау облысында алғашқы Sun Finance Cup турнирі өтті, оның жеңімпазы Aqshuqyr футбол клубы болды. Клуб жаттықтырушысы Әділет Асанғалиев matritca.kz порталымен өзі, шәкірттері және жобаға қатысу жайлы мәліметпен бөлісті.
“Aqshuqyr балалар футбол клубы 2015 жылы құрылды. Мен балалар уақыттарын босқа жоғалтпай, “Былғары доп” турниріне қатысуын қаладым. Мен өзім Ақшұқыр ауылындағы лицейде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін”, – дейді Әділет Асанғалиев.

Оның шәкірттерінің бірі Талғат Өтепбергенов қазір футзалдан Қазақстан чемпионатында ойнайды.
“Мен әлі талай оқушыларымның жетістікке жететініне сенемін. 2 жыл бұрын инстаграмда #АуылФутбол жобасы туралы ақпаратты көрдім, сөйтіп дереу жоба жетекшісі Серік Болатұлымен байланысқа шықтым. Ол біздің клубты жобаға қабылдады, және ол бізге тұрақты түрде қолдау көрсетіп жатыр. Осы уақыт аралығында біз бірнеше жарыстарға, семинарларға және басқа да шараларға қатыстық. Балалар #АуылФутбол сияқты үлкен және маңызды жобаның қатысушысы болғанына қуанышты”, – дейді тренер.
Aqshuqyr балалар футбол клубы бес жыл ішінде облыстық, республикалық, тіпті халықаралық жарыстарды жеңіп шықты.
“Біз қатысқан соңғы турнир # АуылФутбол жобасы ұйымдастырған Sun Finance Cup болды. Менің балаларым аталған турнирдің жеңімпазы болды. Турнирдің Sun Finance демеушісі арқасында жарысқа елдің әртүрлі ауылдарынан келген жүздеген бала қатысты. Осындай мүмкіндік пен табысталған сыйлықтар үшін өз ризашылығымды білдіргім келеді. Менің ойымша, балалар басқа қалаларды көріп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балалармен кездесіп, достасуы үшін осындай турнирлер әртүрлі аймақтарда жиірек ұйымдастырылуы керек”, – деп түйіндеді Әділет Асанғалиев.



