BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр

Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Сайлау 14 облыста 1847 сайлау учаскесінде болып жатыр. 730 орынға екі мыңнан аса кандидат бар.
1419 адам – өзін-өзі ұсынған;
878 – алты саяси партиядан.
Аймақтық сайлау комиссияларының мәліметі бойынша, 1 209 817 сайлаушы дауыс береді, бұл – 14 аймақтағы сайлаушылардың 13 пайызы.



