BasNewsЖаңалықтар
Президент екі министрлікті қайта құрды

Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа функциялар мен өкілеттіктер алды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев 19 шілдеде қол қойды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Президенттің қайта құру туралы шеші:
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру үшін Ішкі істер министрлігінің функциялары мен өкілеттіктерін алды:
- 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты;
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі енді қазақстандық колониялардағы медициналық қызметтерге жауап беретіні хабарланған болатын.



