BasNewsЖаңалықтар

Әлібек Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлібек Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлы Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін», – делінген Президент қаулысында.

Бүгін Әлібек Дінішев 70 жасқа толды. Ол 1951 жылы 30 шілдеде Алматыда туған.

Әлібек Дінішев – қазақ опера әншісі (тенор), КСРО мен Қаз КСР халық әртісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button