BasNewsЖаңалықтар

Чиншанло мен Сонға көлік сыйға тартылады

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоны Toyota Camry жаңа автокөлігімен марапаттайды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Федерация президенті Жанат Түсіпбеков жақын арада Нұр-Сұлтан қаласында спортшыларға көлік кілтін табыс етеді.

Сонымен қатар, спортшылардың жеке жаттықтырушысы мен ұлттық құраманың бас бапкері ақшалай сыйақы алады, делінген Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button