BasNewsЖаңалықтар

Токиодағы Олимпиадада 246 спортшы коронавирус жұқтырды

Кейінгі тәулікте Олимпиадада тағы 21 адамның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Осылайша дүбірлі дода қатысушылары мен делегаттары арасындағы вирус жұқтыру оқиғалары – 246. Жалпы шара өтіп жатқан Токио халқы арасында вирус жұқтырғандар көп. Осыған байланысты төтенше жағдай тәртібі 31 тамызға дейін ұзартылды.

Олимпиаданың ресми сайтына сәйкес, соңғы кезде қалада ахуалдың нашарлауы Олимпиадамен байланысты деген әңгімелер айтылып жүр. Алайда осы күнге дейін шара қатысушыларынан жергілікті тұрғындарға індеттің жұғу дерегі тіркелмеген. Мамандардың сөзінше, бәріне дельта штамы себеп. Сондай-ақ вакциналау науқанының баяу жүруі де әсер еткен болуы мүмкін.

 

Back to top button