BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда COVID-19 бен пневмониядан тағы 104 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 104 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды  Basnews.kz тілшісі.

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды.

«30.07.2021 жылы коронавирус белгілері бар пневмонияның 275 жағдайы және 13 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 108 адам емделіп шықты.

2020 жылғы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар – 61168, 3724 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 54658-ге жетті», – делінген хабарламада.

1 тамыздағы мәлімет бойынша 98 931 адам коронавирус инфекциясынан (96 145 КВИ+ және 2 786 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
  •  28 162 пациент стационарда,
  • 70 769 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  1 652 адамның жағдайы ауыр,
  • 417 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 187 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Back to top button