BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте 200-ге жуық адам жиналған той тоқтатылды

Шымкентте карантинге қарамастан той өткізген тұрғындар анықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Шымкент ПД мәліметінше, Абай аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары алдын алу жұмыстары барысында аудан аумағында орналасқан мейрамханада үйлену тойы өтіп жатқанын анықтаған.

«Залда 180-ге жуық қонақ болғаны анықталды. Карантин режимін бұзған тұрғындарға қатысты қажетті материалдар жиналып, тиісті шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді», – делінген ақпаратта.

Шымкент полицейлері тұрғындардан қаланың бас санитария дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптар мен шектеулерді қатаң сақтауды сұрайды.

Back to top button