BasNewsЖаңалықтар

Екі медбике жалған екпе құжатын 100 мың теңгеден сатқан

Атыраулық медбикелер “вакцина паспорты” үшін 100 мың теңге алып отырған, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Атырауда қаладағы емханалардың бірінде медбике болып қызмет ететін 32 және 28 жастағы азаматтар вакцина алғаны туралы жалған деректерді ақпараттық базаға енгізіп келген. Олар вакцинаның әр кезеңі үшін 50 мың теңгені, яғни екі кезеңі үшін 100 мың теңгені банктік есепшотына аудартып алып отырған. Ақшасын аударған тұрғындар емханаға еркін келіп, вакцина алмай-ақ “вакцина төлқұжатын” алып жүрген.

Атырау облысы Полиция департаменті мен облыстық прокуратура бірлесіп жедел іс-шара жүргізу барысында медбикелердің бірі жалған ақпаратты жүйеге енгізгенін, екінші медбике құйтырқы әрекетке барып, вакцина сұйықтығын адам денесіне салмағанын анықтады. Қазіргі таңда аталған екі күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 206-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ медбикелердің нақты қанша тұрғынға жалған вакцина паспортын жасағандығы анықталуда, деп хабарлайды облыстық ПД.

 

https://www.youtube.com/watch?v=H0rLFXWpY0M

 

Back to top button