BasNewsЖаңалықтар

Алматыда жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың толу деңгейі 65,6% құрайды

Алматының «қоңыр-қызыл» аймаққа енуіне ауруханаларда науқастардың көптігі себеп болды, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсел Халықованың айтуынша, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің шешімі бойынша, қауіпті аймаққа жатқызудың жалғыз белгіленген критерийі – жұқпалы аурулар ауруханаларындағы төсек -орындардың науқастарға тез толуы.

Біз бұл арада коронавируспен ауыратын науқастар жатқызылуы тиіс орындар туралы айтып отырмыз. Алматы алдын алу шарасы ретінде «қоңыр-қызыл» аймаққа енді. Өздеріңіз білетіндей, халық арасында күнделікті тіркеліп жатқан жұқпалы ауру 1200-1500 жағдайды құрайды, – деді ол брифингте.

Бүгінгі күні Алматыда жұқпалы ауруларға арналған төсек -орындардың толу деңгейі 65,6% құрайды.

Back to top button