BasNewsЖаңалықтар

Елде коронавирус пен пневониядан қайтыс болғандар саны өсіп жатыр

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны 126-ға жетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

1 тамыздағы мәлімет бойынша, коронавирус анықталған науқастар өлімі дерегі – 110 жағдай. Тағы 16 адам (ПТР нәтижесі теріс шыққан) пневмониядан қайтыс болған. Осылайша тәулікте қайтыс болғандардың жалпы саны 126-ға жетіп отыр.

3 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырған 102 839 адам емделіп жатыр, олардың 29 138-і ауруханаларда, ал амбулаторлық деңгейде 73 701 науқас бар.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  •  1 707 адамның жағдайы ауыр,
  •  395 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  197 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Еске салайық, өлім бойынша бұған дейінгі антирекорд 27 шілдеде тіркелген еді: коронавирус пен пневмониядан 110 адам қайтыс болған.

Back to top button