BasNewsЖаңалықтар

Олимпиада-2020: 3 тамызда қазақстандықтар бес спорт түрінен жарысады

3 тамызда қазақстандықтар Олимпиаданың бес спорт түрінен жарыс жолына шығады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бүгін қазақстандық төртінші балуан Нұрсұлтан Тұрсынов бақ сынасады. Сондай-ақ, боксшылар Сәкен Бибосынов пен Зәкір Сафиуллин жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Ал Милад Карими биылғы Олимпиададағы үшінші финалында өнер көрсетеді.

3 тамыздағы сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен):

Грек-рим күресі. Ерлер, 87 келі. 1/8 финал
09:05. Нұрсұлтан Тұрсынов – Денис Кудла

Спорттық құзға өрмелеу. Ерлер. Көпсайыс – Speed. Іріктеу
14:00. Ришат Хайбуллин

Бокс. Ерлер. 1/4 финал
14:48. 52 келі. Сәкен Бибосынов – Габриэль Эскобар
15:35. 63 келі. Зәкір Сафиуллин – Гарри Гарсайд

Спорттық құзға өрмелеу. Ерлер. Көпсайыс – Bouldering. Іріктеу
15:00. Ришат Хайбуллин

Спорттық гимнастика. Ерлер – керме. Финал
15:39. Милад Карими

Әртістік жүзу, дуэт. Техникалық бағдарлама
16:30. Екатерина мен Александра Немичтер

Спорттық құзға өрмелеу. Ерлер. Көпсайыс – Lead. Іріктеу
18:10. Ришат Хайбуллин

Back to top button