BasNewsЖаңалықтар

Қазақстан төрт миллион адамға 8 000 000 дозаны қосымша жеткізуге келісім-шарт жасады

Қазақстан сегіз миллионнан астам дозаны қосымша жеткізуге келісім-шарт жасасты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Халықты коронавирусқа қарсы вакциналау жалғасып жатыр. Бүгінде шамамен 9 400 000 доза вакцина пайдаланылды, оның ішінде бірінші компонентпен 5 480 094 адам егілді, бұл вакцина алатын халықтың 55,4 пайызы. Екінші компонентпен 3 941 941 адам егілді. Бұл – халықтың 39,8 пайызы», – деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Министрлік төрт миллион адамға 8 000 000 дозаны қосымша жеткізуге келісім-шарт жасаған.

Цой жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын, халық вакцинамен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілгенін айтты.
Back to top button